Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Қанымбек Қасымбеков 71 жасқа қараған шағында сырқат салдарынан өмірден озды.
Қанымбек Қасымбеков 1943 жылы 4 ақпанда Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1969 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында қоюшы-режиссер ретінде еңбек еткен. Ол түсірген «Шоқ пен Шер» толық метражды көркем фильм 1972 жылы Монте-Карло қаласында өткен Халықаралық фестивальде балаларға арналған кино туындылары арасынан бас жүлдені, сондай-ақ аталмыш фильм Ташкент кинофестивалінде КСРО Киноматография одағының жүлдесін жеңіп алған. Оның «Қызыл отау», «Қоштасқым келмейді», «Ұш, тырнашым, ұш», «Соңғы түлкі», «Саған күшік керек пе?» атты көркем фильмдері бар.