ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 80 жыл толуына арналған көрме ашылады.
Көрмеге этнограф-ғалымның өмірі туралы фотоматериалдар мен құжаттар, өзіне тиесілі жеке заттары мен сыйлықтары қойылатын болады. Келушілер Ө.Жәнібековтың мұражайға тапсырған әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың тымағын, сонымен қатар, Ө.Жәнібековтың тікелей бастауымен қалпына келтірілген мұражай қорындағы құнды жәдігерлерді тамашалай алады.
Ө.Жәнібеков мемлекет қайраткері ғана емес, қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосқан азаматтың бірі. Еліміздегі мүражай ісінің дамуына атсалысқан, дәлірек айтқанда, мұражай қорларының қазақтың этнографиялық бұйымдарымен толығуына өлшеусіз еңбек еткен қайраткер.