Алматыда белгілі журналист Камал Смаилов қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда белгілі журналист Камал Смаилов қайтыс болды

Алматыда белгілі журналист Камал Смаилов қайтыс болды

Алматыда белгілі журналист Камал Смаилов қайтыс болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазақстан-1" телеарнасынан хабарлады.

  • 26 Маусым 2003
  • 1478
Фото - Caravan.kz

К.Смаилов 25-маусымда қалалық ауруханалардың бірінде емделіп жатқан әлдебір танысының көңілін сұрауға барған жерінен жүрек ұстамасынан қайтыс болған.

К.Смаилов 1934-жылы Жезқазған (қазіргі Қарағанды) облысының Сарлық ауылында дүниеге келді. Ол С.Киров атындағы Қазақ Ұлттық Университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Өнертану ғылымының кандидаты.
1954-1960-жылдары «Білім және еңбек» журналының редакторы, 1964-жылға дейін Қазақстан Жастар одағы Орталық Комитетінің бас хатшысы, 1971-жылға дейін ҚазақССР-і Госкино төрағасының орынбасары, «Қазақфильм» киностудиясының директоры болды. 1971-1973-жылдары Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің үгіт-насихат бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды. 1977-жылға дейін ҚазақССР-і кинематоргафия жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, ҚазақССР-і министрлер кабинетінің іс басқармасы мәдениет бөлімінің бастығы болды. 1986-жылға дейін ҚазақССР-і телевидение және радио жөніндегі Мемлекеттік комитетінің төраға орынбасары және төрағасы болды, 1988-жылға дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мәдениет бөлімін басқарды. 1989-1994-жылдар аралығында «Парасат», «Қазақстан коммунисі», «Ақиқат» журналдарының бас редакторы қызметін атқарды. 1993-жылдың сәуірінен желтоқсан айлары аралығында ҚР Жоғарғы кеңесінің ұлттық саясат, мәдениет және тілді дамыту жөннідегі комитетінің төрағасы міндетін атқарды.
Сондай-ақ, 1990-жылдың қаңтар айынан бері Қазақстан журналистер одағының басқармалар төрағасы, кейінірек осы одақтың консультативтік кеңесінің төрағасы болды. Соңғы уақыттарда К.Смаилов Қазақ Мемлекеттік өнер академиясының журналистика факультетінің телевидение кафедрасын басқарды.
К.Смаилов осы мерзімде «Құрмет белгісі» орденімен екі мәрте, сондай-ақ басқа да көптеген медальдармен марапатталып, «Қазақстан Республиксына еңбек сіңірген қайраткер» атағына ие болды. 10 кітаптың авторы.

Соңғы жаңалықтар