Оқыс оқиға Түрксіб ауданында орын алды. Мекеме күзетшісі мен белгісіз ер адамның арасында дау-жанжал шығып, олардың бірі букмекерлік кеңсенің күзетшісіне травматикалық қарудан оқ атқан. Қызметкер жеңіл жарақат алып, жедел жəрдем өкілдері оған дер кезінде көмек көрсетті. Алайда , жапа шегуші ауруханаға жатудан бас тартты.
Дəл қазір қоғамдық жерде қарудан оқ атқан бұзақының кім екендігі анықталды. Полиция оны іздестіруде. Бұл оқиға бойынша "бұзақылық" бабына сəйкес қылмыстық іс қозғалды.