Алматыда Бельгиялық компаниялардың іс-қызметінің тұсаукесері өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Бельгиялық компаниялардың іс-қызметінің тұсаукесері өткізілді

Алматыда Бельгиялық компаниялардың іс-қызметінің тұсаукесері өткізілді

Бүгін, 11-мамырда Алматыда Бельгиялық "Agro-Maas", "Quadrant", "Struislux", "Flamar" тәрізді компаниялардың іс-қызметінің тұсаукесері өткізілді. Компаниялар ауылшаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, мұнай химиясы өнеркәсібі тәрізді салаларда қызмет етеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Мамыр 2004
  • 475
Фото - Caravan.kz

Тұсаукесер рәсімі қазақстандық және бельгиялық іскерлік өкілдерінің қатысуымен өткен бас қосу аясында өткізілді. Форумды ҚР индустрия және сауда министрлігінің инвестицияларға ықпал жасау жөніндегі «Қазинвест» орталығы, Люксембург пен Бельгияның сауда-өнеркәсіптік палаталары бірлесе ұйымдастырды.

«Қазинвест» ЖАҚ-ның президенті Асқар Баталовтың айтуынша, форум Қазақстан Республикасы мен Бельгия арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту және нығайту мақсатын көздейді. А.Баталовтың айтуынша, екі ел арасында сауда-саттық саласында әріптестік байланыстар орнату — алдағы уақытта өзара инвестиция салу және бірлескен кәсіпорындар құру жөнінен етене жақын қарым-қатынас орнатуға алып келмекші.
Шара барысында екі елдің сауда-экономикалық саладағы ықпалдастығына қатысты мәселелер, Қазақстанның инвестициялық жобалары, инвесторларға қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік бағдарлама туралы талқыланды.
Форумға еліміздің 50-ден астам кәсіпорындары, мемлекеттік және қаржылық даму институттарының өкілдері қатысты.
ҚР СІМ-нің ақпаратына сүйенсек, Қазақстан Республикасы мен Бельгия Корольдігі арасындағы сауда айналымы 2003-жылы 66,9 млн. долларды, соның ішінде экспорт — 8,8 млн. долларды, импорт — 58,1 млн. долларды құрады.
Қазақстаннан Бельгияға түсті металл, жүн, тоқыма және тоқыма бұйымдар, асыл металл түрлері тобына жатпайтын металлдар мен олардан жасалған бұйымдар, химиялық және оған жанама өнеркәсіп салаларының өнімдері шығарылады. Ал Бельгиядан Қазақстанға машина және жабдықтар, механизмдер, электротехникалық жабдықтар, минералдық өнімдер, оптикалық, фотосурет және басқа да салалардың жабдықтары мен аспаптары, тоқыма бұйымдар, азық-түлік өнеркәсібінің өнімдері, темекі , химиялық және оған жанама өнеркәсіп салаларының өнімдері экспортталады. Сондай-ақ, Бельгия Қазақстанның несие және инвестиция саласындағы негізгі әріптестерінің бірі ретінде өз позициясын нығайта түсуде.
Қазіргі жағдаймен Қазақстанда Бельгиялық капиталдың қатысуымен құрылған 9 кәсіпорын тіркелген.

Соңғы жаңалықтар