Алматыда бес айлық сәбиді арбаға салып, көшеге тастап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бес айлық сәбиді арбаға салып, көшеге тастап кеткен

Алматыда бес айлық сәбиді арбаға салып, көшеге тастап кеткен

Салқын тиіп, пневмонияға шалдыққан қыз бала ауруханаға түскен.

  • 6 Қараша 2018
  • 63
Фото - Caravan.kz

Алматы көшесінен арбада жатқан бес айлық қыз бала табылды.

Нәрестеге салқын тиіп қалған, ол жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Сәби бір ай бойы дәрігерлердің бақылауында болып, бірақ сол уақыт ішінде ата-анасы табылмады, деп хабарлайды КТК.

Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері Валерия Кимнің айтуынша, қыз бала өсіп, салмақ қосып келеді, қазір жағдайы қанағаттандырарлық. 

Дәрігерлер хабарлағандай, сәбиге қатты суық тиіп, пневмонияға айналып кеткен көрінеді. Қыз баланың хәлі мүшкіл болып, бір ай бойы өлім мен өмірдің арасында жатыпты.


Қыздың есімі – Антонина, бес айлық.

Анасы жайында ешқандай ақпарат жоқ. Дәрігерлердің берген мәліметіне сүйенсек, анасы баланы тіркемеген, яғни туу туралы куәлігін алмапты.

Антонинаның ата-анасын полиция іздеп жатыр. Табылмаса, балалар үйіне жіберіледі.