Алматыда бес автокөліктің соғысуы салдарынан алты адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 466.33
  • 538.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бес автокөліктің соғысуы салдарынан алты адам зардап шекті

Алматыда бес автокөліктің соғысуы салдарынан алты адам зардап шекті

Алматыда бес автокөліктің соғысуы салдарынан алты адам зардап шекті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Желтоқсан 2004
  • 444
Фото - Caravan.kz

Жол апаты 2-желтоқсанда Райымбек және Сүйінбай даңғылдарының қиылысында болған. «Мицубиси», «Мерседес», «Дэу» жеңіл автокөліктері мен «Лифан» және «Дэу» шағын автобустары соғысып қалды. Апат салдарынан «Мицубисидің» бір, «Мерседестің» бір жолаушысы , «Лифан» автобусында отырған төрт жолаушы жараланды. Олардың бәрі де ауруханаға жатқызылды.