Жарияланды: 270

Алматыда бес қабатты үйден өрт шықты, зардап шеккендер бар

Кеше сағат 19.00-де Алматы қаласының Медеу ауданында 5 қабатты үйдің пәтерінен өрт шықты. Өрт жарты сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 10 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өрттің салдарынан 5 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді, 45 жастағы ер адам күйік жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін