Өрт жарты сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 10 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өрттің салдарынан 5 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді, 45 жастағы ер адам күйік жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.