Алматыда бесінші MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бесінші MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ өтеді

Алматыда бесінші MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ өтеді

20 қарашада бұқаралық ақпарат құралдарының қазақстандық нарығын дамыту мәселелеріне арналған бесінші мерейтойлық жыл сайынғы MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ конференциясы өтеді. Бұл туралы Қазақстан баспасөз клубы хабарлады.

  • 9 Қараша 2012
  • 415
Фото - Caravan.kz

MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ-дың бас әріптесі — «Сорос-Қазақстан қоры, конференция әріптестері -«Chevron», «Shell» және «Philip Morris Kazakhstan» компаниялары. Медиа-Құрылтайдың ақпараттық әріптестері — «Нұр-медиа» холдингі, «Tengrinews.kz» ақпараттық порталы, «Эксперт Қазақстан» журналы, «Капитал, «Курсив» және «Новое поколение» газеттері.

Конференция жұмысына 250-ге тарта адам, олардың ішінде қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының — республикалық және аймақтық ТВ арналардың, баспа БАҚ-тарының басшылары мен иелері, сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат минстрлігінің басшылары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, салалық қауымдастықтардың, талдамалық және зерттеу құрылымдарының, қазақстандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдрдың өкілдері және басқалар қатыспақ.

Негізгі пікірсайыстар қоғамның хабардарлығы үдерісінде отандық бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне арналады, сондай-ақ Қазақстандағы ақпарат алаңының тиімділігі пробемалары және БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат мәселелеріне баса назар аударылады.

Осы шара ауқымында Қазақстан журналистика академиясының жыл сайынғы жоғарғы жалпыұлттық сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар