«Бастау» бильярд клубында бильярдтың «Мәскеу пирамидасы» түрінен өтетін бұл бәсеке ҚР Бильярд спорты федерациясының 20 жылдығына арналып отыр.
Оны ҚР Бильярд спорты федерациясы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің қолдауымен «Пирамида» бойынша халықаралық және азиялық комитеттермен бірлесіп ұйымдастыруда. Турнирге ең кемінде «Спорт шебері» немесе «Еңбек сіңірген спорт шебері» дәрежесі бар, халықарлық турнирлердің жүлдегері болған жасы 30-дан жоғары спортшылар ғана қатыса алады. Турнирге қатысушы елдердің бильярд федерациялары ресми өтініштерін ұйымдастырушыларға 22 маусымға дейін жолдауы тиіс. Байрақты бәсекенің жеңімпазы 1 миллион 36 мың теңге алады. Күміс жүлдегер 740 мың, ал қола жүлдеге ие болған екі спортшы 296 мың теңгеден және үздік сегіздікке кірген өзге 4 бильярдшыға 148 мың теңгеден беріледі. Жалпы жүлде қоры — 2 миллион 960 мың теңге.