Алматыда бильярд спортынан Қазақстанның абсолютті чемпионы атағы үшін жарыс өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бильярд спортынан Қазақстанның абсолютті чемпионы атағы үшін жарыс өтіп жатыр

Алматыда бильярд спортынан Қазақстанның абсолютті чемпионы атағы үшін жарыс өтіп жатыр

Алматыда бильярд спортынан Қазақстанның 2011 жылғы абсолютті чемпионы атағы үшін ең үздік жарыс өтіп жатыр. Оған жыл ішінде өткен түрлі байрақты бәсекелерде ең көп ұпай жинаған 8 спортшы қатысуда. Олар - Эмиль Мударисов, Қуаныш Абпасов, Максим Пан, Санат Гинаятов, Даурен Орынбаев, Арби Муциев, Азат Түменов пен Айдос Туғанбаев.

  • 4 Қараша 2011
  • 523
Фото - Caravan.kz

ҚР Бильярд спорты федерациясының рейтингінде 860 ұпаймен алматылық Э.Мударисов бірінші, 750 ұпаймен астаналық Қ. Абпасов екінші, 650 ұпаймен тараздық Максим Пан үшінші орында тұр. Одан кейін қарағандылық С. Гинаятов, тараздық Д. Орныбаев, алматылық А. Муциев, ақтөбелік А. Түменов пен алматылық А. Туғанбав орналасқан.

Бұған дейін Алматыда өткен сейсенбіде снукерден Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жеткен еді. Онда алматылық Шакиржан Фазылов чемпион атанса, қарағандылық Евгений Смирнов күміс жүлдегер, ал алматылық Әділ Дияс пен Александр Власихин 3-4 орынды бөліскен болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера