Одан кейінгі орындарды Алматы қаласының «Классик» және Ақтау қаласының «Стигал» клубтары бөлісті. Бұл бәсекеге 8 қаладан 15 команда қатысқан болатын. Астаналық клубтың мүшесі халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ернар Шимбаевтың бильярдтың «Пул 9» түрінен өткен Х Қазақстан чемпионатында да мерейі үстем шықты. Бұл додада қарағандылық Виталий Никифоров күміс, алматылық Александр Власихин қола жүлдегер атанды.