15 қыркүйекке дейін жалғасатын сайысқа Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау, Астана, Павлодар және Семей қалаларынан 15 команда қатысып, 45 спортшы сынға түсуде. Кездесу еркін пирамида, құрастырылмалы пирамида және динамикалық пирамида түрлерінен өтуде.
Астана командасы атынан Халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 2010 жылғы әлем чемпионы Ернар Шымбаев сынға түсіп жатса, Алматы командасының намысын ХДСШ, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Эмиль Мударисов қорғауда. Сонымен қатар чемпионатқа қатысып жатқан ең жас спортшының жасы 13-те, Семей қаласынан келген Тәлімжан Тоқтасынов төрт жыл ішінде бильярд спортынан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп үлгерген.