Алматыда бильярдтан Қазақстанның абсолютті чемпионы атағы сарапқа салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бильярдтан Қазақстанның абсолютті чемпионы атағы сарапқа салынады

Алматыда бильярдтан Қазақстанның абсолютті чемпионы атағы сарапқа салынады

Алматыда 19-22 қараша күндері бильярд спорты бойынша Қазақстанның 2013 жылғы абсолютті чемпионы атағы сарапқа салынады.

  • 12 Қараша 2013
  • 304
Фото - Caravan.kz

«Бастау» бильярд клубында өтетін бұл матчқа ҚР Бильярд спорты федерациясының рейтингінде үздік сегіздікке кірген тастаяқшылар қатысады. Олар қостанайлық Никита Цисельский, тараздық Максим Пан, қарағандылық Алмас Масабаев, тараздық Ғани Шардарбеков, алматылық Арби Муциев, ақтөбелік Азат Түменов, алматылық Ернар Шымбаев пен қарағандылық Әлібек Омаров. 2014 жылы ел құрамасының негізін құрайтын бұл спортшылардың бәсекесіне халықаралық дәрежедегі төреші Р. Бұзырходжаев бастаған қазылар алқасы төрелік ететін болады.


Былтыр бұл жарыста Әлібек Омаров жеңімпаз атанып, Максим Пан мен Ернар Шымбаев 2-3 орынға табан тіреген еді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера