Алматыда бильярдтан Республика чемпионаты аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бильярдтан Республика чемпионаты аяқталды

Алматыда бильярдтан Республика чемпионаты аяқталды

Бүгін Алматыдағы «Бастау» бильярд клубында өтіп жатқан спорттың осы түрінен клубтық командалар арасындағы республикалық чемпионат аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 24 Қыркүйек 2010
  • 474
Фото - Caravan.kz

Жарысқа еліміздің 7 қаласынан жалпы саны 17 команда қатысты. Чемпионат барысында қатысушылар еркін, динамикалық және қиыстырылған пирамида түрлері бойынша сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды алматылық «Бастау» командасы (құрамында Омаров Ә., Мударисов Э., Мингазитдинов И.) жеңіп алды. 2-ші орын Қарағандыдан келген «Феникс» командасына (Смирнов Е., Гинаятов С., Кириллов Д.) бұйырса, 3-ші орын алматылық «Ультрамарин» командасының (Зайнаудин Б., Пан М., Муциев А.) еншісіне тиді.

Қазақстан құрамасы осы жылдың 14-17-ші қазан аралығында бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен Германияда өтетін әлем чемпионатына қатысады.