Алматыда бильярдтан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бильярдтан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

Алматыда бильярдтан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

Алматыда 11-16 мамыр күндері бильярдтың «Еркін пирамида», «Құрастырмалы пирамида» және «Пул-9» түрлерінен 1994 жылға дейінгі жастар арасында ХІ Қазақстан чемпионаты өтеді.

  • 11 Мамыр 2012
  • 364
Фото - Caravan.kz

«Бастау» клубында өтіп жатқан бұл байрақты бәсекеде бүгін спортшылар «Еркін пирамидадан» сайысқа түсіп жатыр. Оған Алматыдан — 13, Есік, Талғар, Шымкенттен үш-үштен, Павлодардан — 2, ал Ақтөбе, Байқоңыр, Қызылорда, Қостанай, Семей, Тараз, Теміртау, Өскемен қалаларынан бір-бірден спортшы қатысуда. Қазір онда 1/16 финалдық сайыста павлодарлық Азамат Әубәкіров, Бекболат Қаржасбаев және алматылық Ислам Әбуниязов пен тараздық Руслан Құрамшин жеңіліссіз келе жатыр.

Дүбірлі додада арғы күні бильярдтың «Құрастырмалы пирамида», ал жарыстың соңғы күні «Пул-9» түрінен де биылғы ел чемпиондары мен жеңімпаздарының есімдері анықталады.