Алматыда бір апта ішінде тасымалдау ережесінің 80-нен астам бұзушылығы тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бір апта ішінде тасымалдау ережесінің 80-нен астам бұзушылығы тіркелді

Алматыда бір апта ішінде тасымалдау ережесінің 80-нен астам бұзушылығы тіркелді

Алматыда өткен апта ішінде қоғамдық көлікті бақылау қызметі тасымалдау ережесінің 80-нен астам бұзушылығын анықтады.

  • 24 Қыркүйек 2012
  • 358
Фото - Caravan.kz

Олардың ішінде қоғамдық көлікте билеттер мен ақпараттық парақшалардың таратылмауы, белгіленбеген жерде жолаушыларды түсіру мен көлікті тоқтату сияқты бұзушылықтар болды, деп хабарлады Алматы қаласы жолаушылар көлігінің басқармасы.

Жүргізілген тексеру жұмыстарынан кейін қоғамдық көліктің 5 жүргізушісі жұмыстан қуылды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінен Алматы қаласы жолаушылар көлігінің басқарамасы ұйымдастырған қоғамдық көліктерді тексеру бойынша жедел топтар жұмыс істей бастады.

Бақылау қызметінің құрамына жолаушылар көлігі басқармасының қызметкерлері мен тасымалдаушылардың өкілдері кірді. Қазіргі уақытта бақылау қызметі жолдағы жұмыстарын жалғастырып, бұзушылықтарды жою бойынша атқарылған шешімдердің сапасын тексеруде.

Перейти к новостям спорта