Жүргізілген іс-шара барысында Алатау, Әуезов және Алмалы аудандарында әр аудан бойынша заңсыз ашылған 6 сауда орындары жойылған. Осы сынды жабайы сауда мен жайма базарлар Бостандық ауданы бойынша — 11 орында, Жетісу ауданы бойынша — 5, Медеу ауданында — 3, ал Түрксіб ауданында — 4 орында жойылған. Мұнда негізінен көкөністер мен жеміс-жидектер, сонымен қатар, ұсақ-түйек тауарлар сатылған.
Рейд жұмыстары сонымен қатар, қала базарларының айналасында да жүргізілді. Полиция күшімен барлық сауда нүктелері таратылды.
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мамандарының айтуынша, осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.