Алматыда бір аптаның ішінде 41 жабайы сауда орындары жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бір аптаның ішінде 41 жабайы сауда орындары жабылды

Алматыда бір аптаның ішінде 41 жабайы сауда орындары жабылды

Алматыда өткен аптада Алматы полициясы мен қала әкімдігінің және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бірігіп жүргізген рейді барысында 41 жабайы сауда орындары анықталды.

  • 31 Мамыр 2011
  • 318
Фото - Caravan.kz

Жүргізілген іс-шара барысында Алатау, Әуезов және Алмалы аудандарында әр аудан бойынша заңсыз ашылған 6 сауда орындары жойылған. Осы сынды жабайы сауда мен жайма базарлар Бостандық ауданы бойынша — 11 орында, Жетісу ауданы бойынша — 5, Медеу ауданында — 3, ал Түрксіб ауданында — 4 орында жойылған. Мұнда негізінен көкөністер мен жеміс-жидектер, сонымен қатар, ұсақ-түйек тауарлар сатылған.

Рейд жұмыстары сонымен қатар, қала базарларының айналасында да жүргізілді. Полиция күшімен барлық сауда нүктелері таратылды.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мамандарының айтуынша, осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар