Алматыда бір фирманың кеңсесінен сейф ұрланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бір фирманың кеңсесінен сейф ұрланды

Алматыда бір фирманың кеңсесінен сейф ұрланды

Алматының Түрксіб ауданында жергілікті фирманың кеңсесінен ішінде ірі көлемде ақшасы бар сейф ұрланды, деп хабарлады агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөздер.

  • 13 Маусым 2011
  • 295
Фото - Caravan.kz

Олардың ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Кореяда шығарылған жылыту жабдықтарын сатумен, монтаждаумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын компанияның кеңсесіне ұрылар өткен сенбіде түскен.

Дереккөздердің айтуынша, ұрылар үйдің төбесін жарып, ішіне еніп, ақшасы бар сейфті алып кеткен.

Дереккөздер шығын сомасын нақтылаған жоқ, бірақ ірі көлемде ақша ұрланғанын айтты. Полиция ұрыларды әлі анықтаған жоқ, деп хабарлайды құқық қорғау органдарының өкілдері.

Соңғы жаңалықтар