Алматыда бір ірі компанияға жұмысқа орналастырамын деп жұртты алдап жүрген алаяқ әйелден 50-дей адам зардап шеккен - kaz.caravan.kz
  • $ 516.77
  • 542.87
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бір ірі компанияға жұмысқа орналастырамын деп жұртты алдап жүрген алаяқ әйелден 50-дей адам зардап шеккен

Алматыда бір ірі компанияға жұмысқа орналастырамын деп жұртты алдап жүрген алаяқ әйелден 50-дей адам зардап шеккен

Алматы қалалық тәртіп сақшылары жұмыссыздарды белгілі мөлшердегі сыйақы үшін бір ірі компанияға жұмысқа орналастырамын деп жұртты алдап жүрген алаяқ әйелді ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 24 Маусым 2004
  • 440
Фото - Caravan.kz

Полиция ақпаратына сәйкес, 46 жастағы Алматы тұрғыны өзін жұртшылыққа «Филипп Морис» компаниясының мамандар іріктеу бөлімі төрағасының орынбасарымын деп таныстырып, жұмыссыздарға 350 доллардан артық жалақысы бар менеджер, жүргізуші және экспедитор лауазымдарына орналастыруға уәде берген. Әйел осындай қызметтің төлемақысына 300-450 доллар сыйақы талап еткен.

Қазіргі жағдаймен алаяқ әйелден зардап шеккен 50 -дей адам анықталды. Алайда, баспасөз орталығындағылардың хабарлауынша, осымен тізім толықты деуге болмайды, өйткені, зардап шеккендер әлі де өтініш әкеліп жатыр.
Баспасөз орталығынан хабарлағанындай, күдікті бұған дейін де осындай бап бойынша сотталған. 1999-жылы ол ұсталып тергеу аяқталған кезде іс бойынша 500 жәбірленуші анықталған. 2000-жылы сот оны 4 жылға бас бостандығынан айырды. Сөйтіп, осыдан бірнеше ай бұрын ғана абақтыдан босап шыққан әйел үйреншікті кәсібіне қайтадан кіріскен.