Алматыда бір тәулікте 4,5 мың адам вакцина алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бір тәулікте 4,5 мың адам вакцина алды

Алматыда бір тәулікте 4,5 мың адам вакцина алды

Алматы қаласында бір тәулікте 4 540 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

  • 11 Маусым 2021
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 10 маусым күні 4 540 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 10 маусымы аралығында қалада барлығы 329 671 адам екпе алды.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер — 31 319.

Қалада 211 егу пункті жұмыс істеп тұр. 1 257 адамнан тұратын 304 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация пунктері жұмыс істейді» — деп нақтылады басқармадан.


«Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 51 698 дозасы және екінші компоненттің 103 449 дозасы бар» — деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар