Алматыда бір тәулікте есірткіні заңсыз сақтау және сатуға байланысты 12 оқиға тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бір тәулікте есірткіні заңсыз сақтау және сатуға байланысты 12 оқиға тіркелді

Алматыда бір тәулікте есірткіні заңсыз сақтау және сатуға байланысты 12 оқиға тіркелді

Алматыда бір тәулікте есірткіні заңсыз сақтау және сатуға байланысты 12 оқиға тіркелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 24 Қыркүйек 2003
  • 392
Фото - Caravan.kz

Бостандық ауданында полицейлер 240 грамм гашишті сатуға әрекет жасап жатқан жерінен 34 жастағы жігітті ұстады. Есірткі сатушы уақытша тергеу қапасына қамалып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Тағы да осы ауданда қалалық ІІББ-ның есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері 6,23 грамм героин сатпақ болған тағы бір 34 жастағы еркекті тұтқындады. Күдікті уақытша тергеу қапасына қамалып, заңсыз есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ал Түркісіб ауданында қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы облысының 22 жастағы тұрғынын 370 грамм гашишті сатуға әрекет жасап жатқан жерінен қолға түсірді. Тұтқын уақытша тергеу абақтысына қамалды.
Жалпы алғанда соңғы тәулікте полицейлер заңсыз есірткі сату дерегі бойынша 4 адамды ұстады. Барлық дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар