Алматыда бір түн ішінде жол апаттарынан үш адам мерт болып, бірнешеуі ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бір түн ішінде  жол апаттарынан үш адам мерт болып,  бірнешеуі ауруханаға түсті

Алматыда бір түн ішінде жол апаттарынан үш адам мерт болып, бірнешеуі ауруханаға түсті

Еліміздің ең ірі қаласында бір түннің ішінде бірнеше ірі жол апаты тіркеліп, оның кейбірі адам өліміне себепші болды. Алматыдағы Солтүстік айналымда бүгін түнде бірден үш көлік соғысып, екі адам көліктің ішінде жанып кетті. Сондай-ақ Сайын және Жұбанов көшелерінің қиылысында болған жол апатында бір тұрғын қаза тапты.

  • 18 Маусым 2011
  • 533
Фото - Caravan.kz

Солтүстік айналымдағы жағдай жантүршігерлік. Бұл жерде қатарынан үш көлік: қияр тиеп келе жатқан “Газель” мен “Субару” және “Фольксваген-Венто” жеңіл көліктері қақтығысқан. Көлік қақтығыстарының қатты болғаны соншалық, «Субару» және ондағы 20-21 жастағы екі азамат  толық жанып кеткен. Қатты жарақат алған басқа жеңіл көліктегі адамдар ауруханаға жеткізілді. “Газель” жүргізушісі дін аман. Алдынала болжамға қарағанда «Субару»  көлігінде техникалық ақаулар болған.

Салтанат Әзірбек,Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

— Алдын ала болжамымыз бойынша техникалық ақау  жол апатына әкеп соқтырды. Қазір автотехникалық сараптама тағайындалды оның нәтижесінің соңында істің анық-қанығы анықталатын болады.

Сайын мен Жұбанов көшелерінің қиылысы. Куәгерлердің айтуынша, бағдаршамға тоқтап тұрған «Мазда»көлігі жасыл шам жанғанда жұртпен бірге қозғалған. Қиылыста жол ортасына жете бергенде жүйткіп келе жатқан «Лексус»сол жақ бүйірден кеп қаққан. «Мазда»жол шетіне дейін шығып, көше бойындағы екі әйелді қағып өткен. «Мазда»көлігінің жүргізушісі сол жерде көз жұмды, ал жаяу жүргіншілер ауыр жарақат алды.

Сондай-ақ тағы бір  апат жөнделіп жатқан жолда болды. Жолдың қолайсыздығына қарамастан жылдамдықты арттырған “Ауди” қарама-қарсы бағытқа шығып, “Тойота-камриге” барып соғылған. Екі көліктің де  жүргізушілері жараланды. 


Ал  “Лэнд Крузерде” жүйткіп келе жатқан бикеш көлік тізгініне ие бола алмай, өздігінен аударылыпты. Осылайша бір түн ішінде Алматыда жол апатынан үш адам мерт болып, қалған бірнешеуі жарақат алып ауруханаға түсті. Бір қарағанда қала көшелері жарық,әрі  ыңғайлы болып көрінгенімен, әрбір қиылысы мен қалтарыстары осындай қайғылы жағдайларға толы. «Оның бір ғана себебі: қарапайым жол ережелерінің сақталмауында» -дейді полициядағылар. 

Соңғы жаңалықтар