Алматыда бір жасөспірім тоққа соғылып қайтыс болды, тағы екі бала ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бір жасөспірім тоққа соғылып қайтыс болды, тағы екі бала ауруханаға жатқызылды

Алматыда бір жасөспірім тоққа соғылып қайтыс болды, тағы екі бала ауруханаға жатқызылды

Алматыда жоғары вольтты электр жалғастыру желісінің бағанына шығуға әрекет жасап жүрген үш жасөспірімнің тоққа соғылу салдарынан біреуі оқиға орнында мерт болса, қалған екеуі екеуі ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 9 Қыркүйек 2003
  • 570
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға 8-қыркүйек күні кешкісін Сайран ықшамауданында болды. Біреуі 17, қалған екеуі 16 жастағы кәмелеттік жасқа жетпеген үш жасөспірім АПК компаниясының аймақтық электр таратушы компаниясына қарасты 110 киловаттық жоғары вольтты электр жалғастыру желісінің бағанына өрмелеп шығуға әрекет жасаған. Соның салдарынан тоққа соғылған бозбалалардың бірі сол жерде мерт болса, қалған бірі Орталық қалалық клиникалық аурухананың реанимация бөліміне, үшіншісі №4 қалалық ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, оқиға болған жерде 300 шаршы мерт алқапта шөп өртенді.
Қазіргі жағдаймен, болған оқиғаға екі түрлі болжал айтылуда. Мәселен, оқиға куәгерлерінің айтуынша, экстремалдық спорт түрімен шұғылданатын жастар бағанға өрмелеу арқылы өздерінің батылдығын тексермек болса керек. Ал екінші болжалға жүгінсек, бозбалалар түсті металлдан жасалған жайратқыш тросты алуға әрекет жасаған.

Соңғы жаңалықтар