Жарияланды: 360

Алматыда бір жұмысшы шатырдан құлап қаза тапты

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда бір жұмысшы шатырдан құлап қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Алматының Медеу ауданы Горная көшесінде "Коттеджный блок" атты құрылыс нысанында 15 қазанда сағат 19.28-де құрылыс жұмыстары кезінде "Туркуаз ИДАстрой" ЖШС 42 жастағы жұмысшысы шатырдан құлап қаза тапты. Сонымен бірге, Астананың Сарыарқа ауданында жер үйде 15 қазанда қазба жұмыстары кезінде топырақ опырылу салдарынан 46 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін