Алматыда бір жүргізуші мас күйінде бір тәулікте 2 мәрте қолға түскен - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бір жүргізуші мас күйінде бір тәулікте 2 мәрте қолға түскен

Алматыда бір жүргізуші мас күйінде бір тәулікте 2 мәрте қолға түскен

АЛМАТЫ. 12 желтоқсан. . Kazakhstan Today. Алматыда бір жүргізуші мас күйінде бір тәулікте екі мәрте қолға түсті,-деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі. Полицейлердің мәліметтерінше, 25 жастағы алматылық бірінші рет жүргізуші куәлігінен айрылған. Онда ол маскүйінде танысының "Мицубиси" автокөлігін жүргізген. Ұсталған кезде удай мас танысы көлікті жүргізе алмағандықтан жанында отырған.

  • 12 Желтоқсан 2006
  • 337
Фото - Caravan.kz

Бірнеше сағаттан соң Тимирязев пен Розыбакиев көшелерінің қиылысында тағы бір «Мицубиси» автокөлігі тоқтатылады. Оны жүргізген де 25 жасар алматылық сол автокөліктің иесі болып шыққан. Полицейлер оның осыдан бірнеше сағат бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам екендігін анықтайды.

Жалпы бір тәулікте жол полициясының қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізген 106 жүргізушіні анықтаған. 136 мәрте жол қозғалысы ережесі бұзылса, 53 автомобиль арнайы тұраққа әкетілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта