деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Қолдан жасауға көбінесе ұлттық валютамыздың 2 000, 5 000, 10 000 теңге купюралары ұшырайды.
Жалған ақшамен ұсталған тұлғалардың барлығы дерлік есеп айырысуға жалған ақша беріп тұрғандарын білмейтінін де айта кету керек. Азаматтардың айтулары бойынша жалған ақшаны олар базарда, дүкенде есеп айырысу кезінде немесе қоғамдық орындарда ақша ұсақтағанда алған.