Алматыда бірегей ғимараттар бой көтеуге тиіс, бірақ тұрғындардың көз қуанышы болған таулар бұрынғыдай көрініп тұруы керек - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бірегей ғимараттар бой көтеуге тиіс, бірақ тұрғындардың көз қуанышы болған таулар бұрынғыдай көрініп тұруы керек

Алматыда бірегей ғимараттар бой көтеуге тиіс, бірақ тұрғындардың көз қуанышы болған таулар бұрынғыдай көрініп тұруы керек

АЛМАТЫ. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Алматыда бірегей ғимараттар бой көтеуге тиіс, бірақ олар тұрғындардың көз қуанышы болған әсем тауларды көлегейлеп тастамай, бұрынғыдай көрініп тұруы керек". Бүгін Алматыны жұмыс сапары аясында аралап шыққан президент Нұрсұлтан Назарбаев қысқаша баспасөз мәслихатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Қыркүйек 2006
  • 580
Фото - Caravan.kz

«Алматыдағы әрбір әсем ғимаратты, әрбір жаңа құрылыс алаңын өз көзіммен көріп, мақұлдаймын. Бұл қаланы мен балалық шағымнан білемін және осынау ғимараттар тұрғындардың көз қуанышы болған әсем тауларды көлегейлеп тастамағанын, Алматыға таза ауа әкелетін желдердің жолына тосқауыл болмағанын қалаймын. Алматы еліміздің ғылым мен мәдениет орталығы болып бұрығысынша қала береді»,- деді ол. «Елімізді индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасының жобасы жасалуының арқасында және қазіргі заманғы озық технологиялар орталықтарының құрылуы арқасында осынау ұлығаусар іс жүзеге аса бастады»,- деді Н.Назарбаев.

Елбасының айтуынша, «қалада 10 млрд. долларға бағаланған құрылыс жұмыстарының жобасы жасалған».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті