Жарияланды: 520

Алматыда «Бірлігі мықты жастар - болашаққа жол бастар!» атты республикалық форум өтеді

Алматыда 27 қарашада «Бірлігі мықты жастар - болашаққа жол бастар!» атты республикалық форум өтеді. Бұл туралы «ЖАСА» креативті шешімдер орталығынан хабарлады.

Бұл шараны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Жас Отан» Жастар Қанаты және «АХЫСКА» түрік этно-мәдени орталығының қолдауымен «ЖАСА» креативті шешімдер орталығы ұйымдастырып отыр. Іс-шараның басты мақсаты - жастар арасында ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту мен қоғамдық-саяси белсенділікті арттыру болып табылады. Аталмыш іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, жастар ұйымдарының көшбасшылары, ЖОО-ның жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары мен Алматы қаласының белсенді студенттері қатысып ой бөлісіп, пікір алмасады. Форум жұмысы барысында «Бірлік пен Достық, Бейбітшілік пен Келісім» тақырыбы аясында жастардың мәселелері және оның шешу жолдары талқыланып қарастырылады, сонымен қатар барша Қазақстан жастарына арналған үндеу қабылданбақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін