Жарияланды: 410

Алматыда «Бірлігіміз жарасқан!» акциясы аясында футболдан сайыс өтеді

Алматы қаласы Әуезов аудандық «Нұр Отан» ХДП-ның филиалы аудан әкімдігімен бірлесе отырып,

«Бірлігіміз жарасқан!» акциясы аясында ертең футболдан, аталған ауданның аула клубтарының, аудан мектептерінің 5-8 сынып оқушылары арасында жарыс ұйымдастырмақ. Аталған шара ҚР Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауы мен «Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында және ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр. Сайыстың негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықты арттырып, шеберлікті жетілдіру болып табылады. Жеңімпаз командалар «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін