Алматыда «Бірлігіміз жарасқан!» акциясы аясында футболдан сайыс өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Бірлігіміз жарасқан!» акциясы аясында футболдан сайыс өтеді

Алматыда «Бірлігіміз жарасқан!» акциясы аясында футболдан сайыс өтеді

Алматы қаласы Әуезов аудандық «Нұр Отан» ХДП-ның филиалы аудан әкімдігімен бірлесе отырып,

  • 13 Шiлде 2011
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Бірлігіміз жарасқан!» акциясы аясында ертең футболдан, аталған ауданның аула клубтарының, аудан мектептерінің 5-8 сынып оқушылары арасында жарыс ұйымдастырмақ.

Аталған шара ҚР Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауы мен «Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында және ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр.

Сайыстың негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықты арттырып, шеберлікті жетілдіру болып табылады.

Жеңімпаз командалар «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар