Алматыда бірқатар көшелерді жүргіншілер жолына айналдыру көзделуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бірқатар көшелерді жүргіншілер жолына айналдыру көзделуде

Алматыда бірқатар көшелерді жүргіншілер жолына айналдыру көзделуде

Алматыда «Атакент» Іскерлік орталығында қаланың бас жоспарына түзету енгізудің екінші кезеңі бойынша қоғамдық тыңдау болып өтті.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 463
Фото - Caravan.kz

Оған Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының, «Алматыгипрогор-1» жобалау институты» ЖШС-ның және бірқатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. 

Алматы қаласының 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын бас жоспарына енгізілген түзетулерді таныстыру барысында қалада алдағы уақытта бірқатар көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылатындығы айтылды.

«Жоба бойынша халық арасында «Арбат» деп аталып кеткен Жібек жолы көшесі Фурманов көшесінен Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін тек жаяу жүргіншілер жүретін көшеге айналады. Сонымен қатар, К. Байсейітова көшесін Республика алаңы мен «Астана» алаңын байланыстыратын толыққанды жаяу жүргіншілер жүретін көшеге айналдыру көзделіп отыр. Тек сол көшенің бойында орналасқан тұрғын үйлерге апаратын көлденең және жанама көлік жолдары сақталатын болады», — деді өз сөзінде Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының бірінші орынбасары Жантілеу Жанат.

Сонымен қатар ол «Алматы-2» темір жол вокзалы мен Абай даңғылын байланыстыратын Абылай хан даңғылын сенбі және жексенбі күндері жүгіншілер жолына айналдыру жоспарда бар екендігін жеткізді.

«Қаланың тарихи орталық көшелерінің бірі болғандықтан, Абылай хан даңғылын сенбі және жексенбі күндері жүргіншілер жүретін көшеге айналдыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, Ш. Уәлиханов пен Панфилов көшелерін де осындай мақсатқа пайдалану жоспарланған. Осындай және басқа да түзетулер енгізілген бас жоспар биылғы жылдың соңына дейін талқыланады. Ал келесі жылдың басында Алматы қаласының әкімдігі мен Үкіметке мақұлдануға жіберіледі. Егер енгізілген түзетулер бекітілсе, әрі қарай жоспардың бюджеті белгіленіп, оны іске асыру жұмыстары басталады», — деді Ж. Жанат.


Айта кетелік, қазіргі таңда қаладағы сегіз ауданның әкімдігі маңызды деп саналатын бір-бір көшенің бойын жаяу жүргіншілерге ыңғайластырып жасау жұмыстарын жүзеге асырып жатыр. Яғни, оларда арнайы велосипед жүретін жолдар мен тротуарлар, тұрғындар демалатын орындар және балалар ойнайтын алаңқайлар салыну үстінде. 

Соңғы жаңалықтар