Қазақстандағы «Қорамсақ» Азаматтық және қызметтік қару-жарақ айналымымен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар Қауымдастығының вице-президенті Сергей Катновтың айтуынша, Алматыда сақталып отырған лаңкестік қауіптіліктің «сары» деңгейі аясында қару-жарақ дүкендерін ашуға болады.
«Лаңкестік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі барысында қару-жарақ дүкендері жабылады, ал «сары» деңгейі барысында ашуға болады. Ақтөбедегі лаңкестік әрекеттен кейін, «сары» деңгей — 40 күн сақталған болатын. Бірақ, ол кезде қару-жарақ дүкендерін жабу туралы талап қойылған жоқ», — деді ол.
Сонымен қатар, оның айтуынша, атыс туралы хабар келіп түсе салысымен, қару-жарақ дүкендерін уақытша мерзімге жабу туралы шешім қабылданған. Алматыда барлығы 15 қару-жарақ дүкені бар.
Дегенмен, қалада «Анна» және «Аңшының арманы» қару-жарақ дүкендері жабық күйінде қалуда. Сондай-ақ, «Алпамыс» қару-жарақ дүкені де әлі ашылған жоқ. Дегенмен, «Мерген» және «Камерад» дүкендері ашылды.