Алматыда бірыңғай көлік қоятын орындар жүйесін жасау жобасы таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бірыңғай көлік қоятын орындар жүйесін жасау жобасы таныстырылды

Алматыда бірыңғай көлік қоятын орындар жүйесін жасау жобасы таныстырылды

Бүгін Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбек қаланың бірыңғай автоматтандырылған көлік қоятын орындар жүйесін жасау жобасымен танысты.

  • 27 Маусым 2016
  • 456
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматы қаалсы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады Caravan.kz.

Алдымен жүйені басқару орталығын қарап шығып, ақылы автотұрақтың алғашқы қанатқақты аймағын аралады. Ол Зенков көшесінің бойында, Жібек жолы мен Мақатаев көшелерінің қиылысында орналасқан.

Шара барысында Б. Байбек жобаның жоғары дәрежеде жан-жақты әзірленгендігін атап өтті. Айта кеткен жөн, мұнда әлемнің ірі қалаларының тәжірибелері ескерілген. Ал ол қалаларда автокөлік тұрақтарын бір ретке келтіру, қала аумағын тиімді пайдалану және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында осындай ақылы автотұрақ жүйесі қолданылады.     

«Ақылы автотұрақтар жүйесін қолданудағы басты мақсат — жол-көлік жүйесіне түсетін салмақты азайту. Жобадан түскен қаржы қаланың көлік жүйесін дамытуға бағытталады», — деді Б. Байбек.  

Одан басқа, әкім, қала бойынша ақылы автотұрақтар ашу және жайластыру бойынша жоспарлы жұмыстар Алматының жаяу жүргіншілер үшін де, жүргізушілер үшін де ыңғайлы қалаға айналдыруға септігін тигізетіндігін атап өтті.

Алматының 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасында «Қолайлы қала» қағидасы бар.

Ақылы көлік тұрағының аумағы 61 орыннан тұрады, ол күн батареясымен жұмыс істейтін заманауи жол белгілерімен, паркоматтармен жабдықталған. Көлік тұрағы бірыңғай орталықтан басқарылады, оның құрамына көлік тұрағы, көлік қозғалысын бақылау, автомобильдерді алып кету сияқты қызметтер енген.

Әр 15 минут сайын оның жұмысын «Алматы спецтехпаркинг сервисінің» инспекторлары қадағалап тұрады. Ақылы тұраққа қойылған көліктер суретке түсіріледі. «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС терминалдарының ақпараттары қаланың Ішкі істер департаментіне бірден беріледі. Мұнда адами факторы мүлдем жоқ, инспекторлардың ақылы жұмыс жасауына тыйым салынған.


Ақылы көлік тұрағының бір сағаты — 100 теңге,  оның алғашқы 15 минуты тегін. Тұрақ ақысын көлік қойылған соң 15 минут ішінде төлеу  қажет. Көлік иелері үшін SMS жіберетін 7757 нөмірі жұмыс істейді, ол  «aparkmg.kz» веб-порталы арқылы жүзеге асады, «Алматы көлік тұрақтары» барлық шараларды атқарады. Жүзеге асқан  әрбір ақылы шара Мемлекеттік кірістер департаментіне хабардар етіледі. Ақы SMS  арқылы төленсе тарификация арқылы жіберіледі.

Ақылы көлік аумағында мүгедектер мен ардагерлер үшін де барлық жағдайлар жасалған. Электромобильдер үшін тұрақ тегін. Осы аумақ тұрғындарына да жеңілдіктер жасалған. Көлігін тәулік бойына қою үшін оларға түнгі және жылдық абонементтер алуға рұқсат берілген.

Перейти к новостям спорта