Алматыда блогер аяусыз соққыға жығылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда блогер аяусыз соққыға жығылды

Алматыда блогер аяусыз соққыға жығылды

 

  • 8 Маусым 2021
  • 50
Фото - Caravan.kz

Алматыда блогер Валерий Кудрявцев соққыға жығылды. Ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Блогер оқиғаны Facebook-парақшасында жариялады.

"Біз тәртіп болмайынша қалыпты өмір сүре алмаймыз. Мені соққыға жығып, тонап кетті…. Тура театрдың алдында!" — деп жазды ол. Фото: Facebook

ПД баспасөз қызметі ақпаратына сүйенек, факт ҚР ҚК-ның 191-бабы "Тонау" бойынша тіркелген.

"Іс Алмалы аудандық ПБ тергеуінде. Жедел-тергеу тобы құрылды. Қазір шабуыл жасағандардың жеке басын анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел шаралар кешені жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, бейнебақылау камераларынан алынған мәліметті жедел уәкілдер мұқият зерттеп жатыр", — деді Алматы ПД баспасөз қызметі өкілі.


Валерий Кудрявцев басқа блогерлермен әлеуметтік видеолар түсіреді. Мысалы, сәуірде блогерлер Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне жеке зерттеу жүргізген. Олар ғимараттың әр қабатындағы бөлмелерге кіріп, ведомство қызметкерлерін камераға түсіріп, түрлі заңсыздықты тіркеген.

Соңғы жаңалықтар