Алматыда блогшылардың екінші республикалық слеті өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда блогшылардың екінші республикалық слеті өтеді

Алматыда блогшылардың екінші республикалық слеті өтеді

4 маусым күні Алматы маңындағы «Ақерке» демалыс аймағында блогшылардың екінші Республикалық слеті өтеді. Слет «YourVision» блог-тұғырнамасының үш жылдығына арналады. Бұл туралы шараның ұйымдастырушылары хабарлады.

  • 30 Мамыр 2011
  • 466
Фото - Caravan.kz

Шараға Қазақстанның барлық өңірінен белсенді блогшылар жиналмақ. Слет барысында Орталық Азия мен Қазақстандағы интернеттің дамуы, өзекті мәселелері талқыланып, блогшылар өз жетістіктерімен бөліседі. Сондай-ақ

«BuharJerreau» хип-хоп тобының арнайы концерті өтеді. Слеттің ең басты шараларының бірі — журналистер үшін блогшылар мектебі ашылады. Онда БАҚ өкілдеріне блог ашу, посттар жазу, техникалық мүмкіндіктермен танысу, аудио-видеоларды блогқа қою үйретіледі. Естеріңізге сала кетейік, YourVision тұғырнамасында жазатын блогшылардың бірінші слеті 2010 жылдың 17 желтоқсанында өткен болатын.

YourVision (www.yvision.kz) — Орталық Азиядағы ең танымал блог-тұғырнамалардың бірі. 2008 жылы web-шеберлер Станислав Игнатов пен Рауан Маемировтің бастамасымен іске қосылған. 2010 жылы Ұлттық AWARD.kz интернет жүлдесінің Гран-при жүлдесімен «Жылдың үздік сайт» атағына ие болды. 20 мыңнан астам блогшы тіркелген, оның 1500-і — ең белсенді блогшылар. Олардың әрқайсысы осы күнге дейін 150 мыңнан астам пост жазған. Блог-тұғырнаманы күніне 40 мың адам оқиды. Ең танымал блогшылар қатарында Әнуар Нұрпейісов, Ержан Сүлейменов, Камила Жүсіпова, Роман Райфельд, Евгений Жағалтаев, Александр Ляхов сынды танымал тұлғалар бар.

Соңғы уақытта елімізде блог жүргізу қатты қарқын алып отыр. Биылғы жылдың наурыз айында қазақ тілді блогшылар да өздерінің алғашқы құрылтайын өткізген болатын. Бүгінгі таңда елімізде жалпы саны 25 мыңға жуық тіркелген блогшылар бар.

Соңғы жаңалықтар