Бұл туралы Tengrinews СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жол-көлік оқиғасы ақпанның 21-нен 22-не қараған түні Момышұлы мен Қабдолов көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, кроссовер Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта, ал Toyota жүргізушісі шығыс бағытта келе жатқан.
Бірақ неліктен екені белгісіз екі көлік көше қиылысында соғысып қалған. Жол апаты салдарынан Toyota жүргізушісі зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, BMW жүргізушісінің полицейлер келгенше оқиға орнынан жасырынғаны айтылады.