Алматыда бөбекке мөлшерден тыс дәрі берген медбике орнын босатты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бөбекке мөлшерден тыс дәрі берген медбике орнын босатты

Алматыда бөбекке мөлшерден тыс дәрі берген медбике орнын босатты

Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы тексерістің астында қалд

  • 12 Қараша 2015
  • 571
Фото - Caravan.kz

Өткен аптада 4 жастағы қызға қажетті дәрілік препаратты шамадан тыс салып жіберген орталықтың қызметкеріне қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қателік жіберген медбике қызметінен аластатылған.

Еске сала кетейік, 4 жастағы Мила Зайнидиноваға 2014 жылы ақ қан ауруы деген диагноз қойылған. Ата-анасы артынша балаларын Оңтүстік Кореяға емдетуге апарыпты. Онда ай сайын химиялық терапия курсын алған.


Бірақ отбасының қалтасын қаққан бұл ем-домды шетелдік дәрігерлермен келісіп, Алматы қаласында жалғастыруды ұйғарған. Ал, Алматыдағы ғылыми орталықтың қызметкерлері салынатын винкристин дәрісінің мөлшерінен шатасыпты. Екі есе мөлшерін құя салған бөбекке. Осыдан кейін Миланың жағдайы күрт нашарлап кеткен.

Соңғы жаңалықтар