Алматыда бокстан Қазақстан, Ресей, Үндістан және Франция командалары арасында матч өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бокстан Қазақстан, Ресей, Үндістан және Франция командалары арасында матч өтеді

Алматыда бокстан Қазақстан, Ресей, Үндістан және Франция командалары арасында матч өтеді

Алматыда 14-18 ақпанда «Достық» спорт кешенінде бокстан Қазақстан, Ресей, Үндістан және Франция командалары өзара кездеседі.

  • 25 Қаңтар 2012
  • 433
Фото - Caravan.kz

Оған халықаралық дәрежедегі AIBA төрешісі Нұрбек Батыров бастаған қазақстандық қазылар төрелік жасайды. Бәсекеге қатысатын елдер ұлттық құрамаларының 1-нөмірлі былғары қолғап шеберлерін қатыстырмақ. Олардың арасында Лондонда өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын боксшылар да бар.

Мырзағали Айтжанов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы 10 қаңтардан бері «Ақбұлақта» оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Оған 40 боксшы қатысуда. Бұл жиын 28-қаңтарға дейін созылады. Одан кейін 4-13 ақпанда Алматыда Англия құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны өткізілмек.