Алматыда бокстан ҚР Чемпионаты аясындағы жарыстар жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бокстан ҚР Чемпионаты аясындағы жарыстар жалғасуда

Алматыда бокстан ҚР Чемпионаты аясындағы жарыстар жалғасуда

 Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокстан ҚР Чемпионаты аясында 1/8 финалдық ойындары аяқталды.

  • 16 Ақпан 2011
  • 450
Фото - Caravan.kz

49, 56, 64 және 31 келі салмақ дәрежесіндегі былғары қолғап шеберлері алғашқы жекпе-жектерін өткізді. Жеңіл салмақта өнер көрсеткен, әскери қызметкерлер арасындағы әлемдік чемпионаттың күміс жүлдегері Ильяс Сүлейменов өзінің қарсыласы қостанайлық Данияр Мұғаловты айқын басымдықпен жеңді. 56 келі салмақта Данияр Төлегенов Қостанай облысынан келген қарсыласы Аслан Мұқановты жеңіп, келесі кезеңге өтті. Бұл жарыстың есебі — 5:4. Ал 64 келі келі салмақта Данияр Елеусінов Қарағанды облысының боксшысыі Думан Сүлейменовты 3:2 есебімен жеңді.

Бұл кезеңде Астана құрамасының бір боксшысы жарыстан шығып қалды. 60 келі салмақта өнер көрсететін Ержан Өміржанов ширек финалға ілінбей қалды. Ол Ақмола облысының боксшысы Еркін Хасеновтан 7:1 есебімен ұтылды.

Чемпионаттың бірінші күні 75 келі салмақта өнер көрсеткен қызылордалық Жасқайрат Исмайлов Дәурен Елеусіновты 7:4 есебімен жеңді. Екінші күні шаршы алаңға төрт салмақ бойынша өнер көрсететін былғары қолғап шеберлері шықты. 52 келі салмақта астаналық Данияр Тоқбаев Алматы облысынан келген Сұлтан Тулеевті 9:3 есебімен жеңді. Сонымен қатар шаршы алаңда басқа да астаналық қолғап шеберлері өзінің шеберліктерін жақсы көрсетті. 69 келі салмақта өнер көрсеткен екі дүркін Азия чемпионы Бақытжан Қожабеков бірінші раундтың басында-ақ өзінің қарсыласы алматылық Дияс Тастеміровті жеңді. Ал, 81 келі салмақта өнер көрсеткен Мади Хабиев Ақмола облысының қолғап шебері Азамат Белгібаевті 11:2 есебімен ұтты.

Ең ауыр салмақта Астана атынан шыққан Ермек Үсенов Ақмола облысының боксшысы Андрей Плахотнюкті 11:8 есебімен жеңді. Енді ол 91 келіден жоғары салмақтағы ең мықты былғары қолғап шебері саналатын Рүстем Іргебаевпен сынға түсетін болады.


Бүгін және ертең Алматы шаршы алаңында ширек финалдық ойындар өтеді. Жартылай финал мен ақтық сындар 18- 20 ақпан күндері болады.

Естеріңізге сала кетсек, ХХ Қазақстан чемпионаты 13 ақпан күні басталды. Оған республикамыздың әр облысы мен Алматы және Астана қалаларынан 160 спортшы қатысуда. Чемпионат төрт жылда бір өтетін ІІІ Жазғы спартакиада аясында өткізілуде.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера