Алматыда Болгарияның "Балканфарма-Холдинг" фирмасының өкілдігі төрайымының пәтеріне қарулы шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Болгарияның "Балканфарма-Холдинг"  фирмасының өкілдігі төрайымының пәтеріне қарулы шабуыл жасалды

Алматыда Болгарияның "Балканфарма-Холдинг" фирмасының өкілдігі төрайымының пәтеріне қарулы шабуыл жасалды

20-қазанда түнгі сағат үштер шамасында Алматыда Болгарияның "Балканфарма-Холдинг" фирмасы өкілдігінің төрайымы Н есімді азаматшаның пәтеріне қарулы шабуыл жасалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 21 Қазан 2003
  • 382
Фото - Caravan.kz

Қабанбай батыр даңғылының бойында орналасқан пәтердің есігін бұзып кірген үш беймәлім қылмыскер Н есімді азаматшаны байлап тастап, пышақпен қорқыту арқылы бағалы мүліктерін беруге мәжбүр еткен.

4 мың АҚШ доллары, банк карточкасы, алтын зергерлік бұйымдар мен құндыз тонды иемденіп алған шабуылшылар іздерін жасырып үлгерген. Жалпы шығын көлемі 2 млн. 300 мың теңгені құрады. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар