Алматыда болған жол апаты 17 жастағы қыздың өмірін жалмады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда болған жол апаты 17 жастағы қыздың өмірін жалмады

Алматыда болған жол апаты 17 жастағы қыздың өмірін жалмады

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды. Әуежайға барар жолда бірнеше рет аударылып, екі бірдей бағананы түбімен жұлып алған БМВ басқа көлікпен соқтығысқаннан кейін бір-ақ тоқтаған.

  • 10 Қараша 2012
  • 350
Фото - Caravan.kz


Апат салдарынан 17 жасар бойжеткен оқиға орнында тілтартпай кетсе, тағы екі адам ауруханадан жатыр. Қазір олардың жағдайы ауыр деп бағалануда. Жоғары жылдамдықта жүйткіген көлік әуежайға қарай бет алған екен. Алдын ала болжам бойынша жүргізуші тізгінге ие бола алмай, жол ортасына шыққан көрінеді. Темір тұлпар екі шам бағанасымен соқтығысып, оларды түбімен жұлып кеткен. Кейін бірнеше рет аударылып барып, қарсы беттегі көлікпен соқтығысқаннан соң ғана тоқтапты. Қас қағым сәтте темір тұлпардың сау-тамтығы қалмады. Ал көлік ішінде болған 5 адамның екеуі өз бетімен шығып, іздерін суытқан. Қазір олардың қайда кеткені және көлік тізгінінде нақты кімнің болғаны анықталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар