Caravan Logo

Алматыда болған жол апаты 17 жастағы қыздың өмірін жалмады

Алматыда болған жол апаты 17 жастағы қыздың өмірін жалмады


Апат салдарынан 17 жасар бойжеткен оқиға орнында тілтартпай кетсе, тағы екі адам ауруханадан жатыр. Қазір олардың жағдайы ауыр деп бағалануда. Жоғары жылдамдықта жүйткіген көлік әуежайға қарай бет алған екен. Алдын ала болжам бойынша жүргізуші тізгінге ие бола алмай, жол ортасына шыққан көрінеді. Темір тұлпар екі шам бағанасымен соқтығысып, оларды түбімен жұлып кеткен. Кейін бірнеше рет аударылып барып, қарсы беттегі көлікпен соқтығысқаннан соң ғана тоқтапты. Қас қағым сәтте темір тұлпардың сау-тамтығы қалмады. Ал көлік ішінде болған 5 адамның екеуі өз бетімен шығып, іздерін суытқан. Қазір олардың қайда кеткені және көлік тізгінінде нақты кімнің болғаны анықталып жатыр.