Алматыда болған жол апатынан төрт адам зардап шекті
Астана. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда болған жол апатынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ мәліметінше, 26 қарашада сағат 16.58-де Алматының Алмалы ауданы Қарасай батыр мен Гайдар көшелерінің қиылысында "Тойота" және ВАЗ көліктері соқтығысты.
Апат салдарынан ВАЗ көлігінде отырған төрт жолаушы, соның ішінде екі және бір жасар екі бала ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін