Алматыда болған жол-көлік апатынан әйел адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда болған жол-көлік апатынан әйел адам қаза тапты

Алматыда болған жол-көлік апатынан әйел адам қаза тапты

8 тамыз күні кешкі сағат онда, Алматыдағы Саин көшесінде «Субару» автокөлігінің 1984 жылы туған жүргізушісі «Мицубиси» және «Шкода» автокөліктерімен соқтығысты, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

  • 9 Тамыз 2016
  • 449
Фото - Caravan.kz


«Жол-көлік апатынан «Мицубиси» көлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен төрт жолаушысы зардап шекті. Өкінішке қарай, жолаушылардың бірі — 56 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Қалғаны түрлі жарақатпен қаладағы медициналық мекемелеріне жеткізілді. Аталған факт ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Бірнеше сараптама тағайындалып, сол арқылы жол-көлік апатының мән-жайы анықталатын болады», — деп хабарлады Алматы қаласы ІІД тергеу бөлімі басшысының орынбасары, полиция майоры Олжас Шәріпов.

Перейти к новостям спорта