Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
«Алматы қаласында белгісіз адам сағат 12:20 шамасында қоңырау шалып, Сүйінбай көшесінің бойында орналасқан Beelinе техникалық орталығына жарылғыш заттың қойылғанын айтқан. Біз бұл ақпаратты тиісті органдарға хабарладық. Олар келіп, персоналды қауіпсіз жерге шығарды. Қажетті шаралардың барлығын жүргізді, тексерді. Дәл қазір қызметкерлер жұмыс орындарына қайтып келді. Ақпарат расталмады», — дейді КаР-Тел ЖШС ұжымдық коммуникация директоры Алексей Бендзь.
Аталған қала полицейлері өз кезегінде төтенше жағдай қызметкерлерінің тексеріс жүргізіп жатқанын айтты.