Алматыда бопсалаушылар тобы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бопсалаушылар тобы ұсталды

Алматыда бопсалаушылар тобы ұсталды

Алматы қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында бопсалаушылар тобын қолға түсірді, деп хабарлайды қалалық ІІД.

  • 30 Маусым 2011
  • 382
Фото - Caravan.kz

«4 бопсалаушының жастары 18-20 аралығында, еш жерде оқымайды, жеке меншік компанияларда жұмыс істейді, «Айнабұлақ» ықшам ауданында тұрады. Бұл топ көршілерін аңдып, жасөспірімдерден ғана ақша бопсалаған», — делінген департаменттің ақпаратында.

«Полицияға топтың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен жасөспірімнің анасы шағымданып келді. Оның айтуынша, белгісіз біреулер оның 18 жастағы ұлынан 500 мың теңге талап еткен, ақша әкелмесе, күш қолданамыз деп қорқытқан», — дейді ІІД өкілдері.

Ақпаратқа сәйкес, бірнеше сағаттың ішінде оперативті шаралар ұйымдастырылып, арнайы оперативті-тергеу тобы құрылды.

«Боспалаушылар күндіз талап еткен ақшаны алып жатқан жерінен ұсталды. Операция «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесі жауынгерлерінің қатысуымен өткізілді», — деп мәлім етті қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Қасым.

Топты қолға түсірген алғашқы сағаттарда-ақ, бұл «квартеттің» қылмыстық кәсіппен бұрыннан айналысатыны белгілі болды. Олардың қылмыстық әрекеттерінен тағы бірнеше жасөспірім зардап шеккен.

«Қазір тергеу басқармасының өндірісінде екі шағым жатыр. Зардап шеккендердің саны өсуі де мүмкін. Ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», — деді Е. қасым.

ІІД-нің атап көрсетуінше, ұсталғандардың ешқайсысы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Олар өз кінәларын толығымен мойындады. Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Күдіктілерге қатысты шектеу шарасын белгілеу үшін сот шешімі жақында

Соңғы жаңалықтар