Алматыда " Боролдай сақ қорғандары" археологиялық саябағы ашылады - қала әкімі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда " Боролдай сақ қорғандары" археологиялық саябағы ашылады - қала әкімі

Алматыда " Боролдай сақ қорғандары" археологиялық саябағы ашылады - қала әкімі

АЛМАТЫ. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Алматыда " Боролдай сақ қорғандары" археологиялық саябағы ашылады. Бұл жөнінде қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов қала тұрғындарына есеп берген кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 1 Ақпан 2007
  • 883
Фото - Caravan.kz

Әкімнің айтуынша, биылдан бастап қалада мәдениетті дамыту жөніндегі кешендік шаралар «2007-2009 жылдарға арналған Алматының мәдени мұралары» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. «Боролдай сақ қорғандары» археологиялық саябағын ашу және Вернен қорғаны территориясын мұражайға айналдыру ең маңызды жобалар болып табылады»»,- деп атап өтті И. Тасмағамбетов.

Әкімнің сөздеріне сүйенсек, «өткен жылы әртүрлі себептерге байланысты осы саладағы нысандар құлдырап кетті, қаржыландыру принципін тіпті қалған деп атау қиын». «Екі жыл бұрын біз қаланың мәдени саласын жүйелі түрде дамыту мақсатында 4 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлдік». Осы аралықта 33 тарихи және мәдени ескерткіштерге, оның ішінде цирк ғимаратына, жасөспірімдер театрына, Алматының тарихи мұражайына және кітапханаларға қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді»,- деді қала әкімі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті